21 Апр 2026, Вт

КОАЛИЦИЯ МҮШЕЛЕРІ РЕФЕРЕНДУМНЫҢ МАҢЫЗЫН ТҮСІНДІРДІ

Өңірлік Жалпыұлттық коалиция мүшелері Тараз қаласындағы «Асар» оңалту орталығының ұжымымен кездесті. Басқосу барысында алдағы референдумның маңызы түсіндіріліп, Конституцияға енгізілетін жаңа өзгерістер мен толықтырулар туралы кеңінен айтылды. Кездесуде спикерлер референдум – ел болашағына қатысты маңызды саяси науқан екенін атап өтті.