2025 жылы Қосшыңырау ауылдық округінде әлеуметтік-экономикалық бағытта бірқатар жұмыстар атқарылды. Округ халқының саны 3638 адамды құрайды. Жыл басынан бері бірнеше азамат тұрақты жұмыспен қамтылып, жастар тәжірибесі, ақылы қоғамдық жұмыс және қысқа мерзімді оқыту бағдарламалары жүзеге асырылды. Бюджет көлемі 204,6 млн теңгеге бекітіліп, салықтық түсім жоспары артығымен орындалған. Сондай-ақ округте кәсіпкерлікті қолдау аясында 26 жоба мақұлданып, бірнеше тұрғынға қайтарымсыз грант пен жеңілдетілген несие берілді.

