21 Апр 2026, Вт

ҰШҚЫШСЫЗ ҰШУ АППАРАТТАРЫ БОЙЫНША МЕМОРАНДУМҒА ҚОЛ ҚОЙЫЛДЫ

Бүгін Тараз қаласындағы әскери мектеп-интернатта айтулы оқиға орын алды. Әскери мектеп-интернат пен Әуе қорғанысы күштерінің Ұшқышсыз авиациялық жүйелер мамандарын даярлау оқу орталығы ресми түрде серіктестік орнатты. Мектеп директоры Әлішер Әзімбай мен оқу орталығының штаб бастығы, подполковник Серік Жарасбаев өзара іс-қимыл мен ынтымақтастық туралы меморандумға қол қойды. Салтанатты шара барысында тараптар қол алысып, екі мекеме арасындағы тұрақты достық пен жемісті байланысқа негіз болатын келісімді бекітті.