18 Апр 2026, Сб

ҚАЛА ДАМУЫНЫҢ БАСЫМ БАҒЫТТАРЫ АЙҚЫНДАЛДЫ

Қызылордада қалалық мәслихаттың кезектен тыс 48-сессиясы өтті. Жиында 2026–2028 жылдарға арналған қалалық бюджетті бекіту мәселесі қаралды. Сессия жұмысына қала әкімі Нұржан Ахатов қатысып, алдағы жылдарға жоспарланған негізгі жобаларға тоқталды.