20 Апр 2026, Пн

ЕКІ ЕЛДІ МЕКЕНГЕ ТАЗА АУЫЗ СУ БЕРІЛДІ

Жамбыл ауданы, Өрнек ауылдық округіне қарасты Өрнек және Жұма елді мекендеріне таза ауыз су берілді. Ұзындығы 55,2 шақырымды құрайтын су құбыры желісінің іске қосылуы нәтижесінде екі елді мекендегі 2782 тұрғын енді сапалы ауыз сумен тұрақты түрде қамтамасыз етілмек.