Таразда «Жарқыра, Жаңа жыл!» атты Жамбыл облысы әкімінің балаларға арналған дәстүрлі шырша мерекесі өтті. Балалардың қуанышына өңір басшысы Ербол Қарашөкеев пен облыстық білім басқармасының басшысы Нұрбек Оршубеков ортақтасып, балаларға облыс әкімінің атынан 80 мың теңгенің сертификаты мен тәтті сыйлықтар тарту етілді.

