Тараз қаласының алдағы үш жылдық бюджеті нақтыланып, даму жоспары бекітілді. Бүгін шаһар басшысы Бақытжан Орынбековтің қатысуымен сегізінші шақырылған қалалық мәслихаттың кезектен тыс 35-ші сессиясы өтті. Жиында экономикалық болжамдар мен әлеуметтік маңызы бар бірқатар шешімдер қабылданды.

