Өңірде мемлекеттік жастар саясатын іске асыру барысы облыс әкімдігінің жанындағы жастар істері жөніндегі Кеңес отырысында қаралды. Жиынға облыс әкімінің орынбасары Серік Сәлемов, басқарма басшылары мен аудан әкімдері қатысты. Кеңесте аймақтағы жастар саясатының іске асу барысы және жастар ресурстық орталықтарының жұмыстары қаралды.

