Білім – шекарасыз, ал сапалы білім – қолжетімді болуы тиіс. Мемлекет басшысының тапсырмасына сәйкес жүзеге асырылып жатқан «Келешек мектептері» ұлттық жобасы аясында Жамбыл облысында заманауи білім ошақтары бой көтеруді жалғастыруда. Бүгін Тараз қаласының Шөлдала тұрғын алқабында «Келешек мектептері» ұлттық жобасы аясында жаңа білім ордасы пайдалануға берілді. Орта білім беретін №70 мектептің салтанатты ашылуына Жамбыл облысының әкімі Ербол Қарашөкеев, қала әкімі Бақытжан Орынбеков және «Жібек жолы» ауданының әкімі Қарлығаш Аралбекова қатысты.

