20 Апр 2026, Пн

ҚАЙТАРЫЛҒАН АКТИВТЕР – ХАЛЫҚТЫҢ ИГІЛІГІ ҮШІН

Бүгінгі таңда еліміз үшін ең өзекті мәселелердің бірі – тұрғындарды сапалы ауыз сумен қамтамасыз ету. Талас ауданына қарасты Қараой ауылында осы мақсаттағы ауқымды жұмыстар нәтижесін берді. Қайтарылған активтердің тиімді жұмсалуының арқасында, ауыл халқы көптен күткен тіршілік нәріне қол жеткізді. Бұл оқиға – мемлекет пен халық мүддесінің тоғысқан сәті, әрі тұрақты дамуға жасалған маңызды қадам.