Жамбыл облысы Полиция департаментінің Есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл басқармасы қызметкерлері Тасөткел ауылынан 8 километр жерден Шу ауданының тұрғынын есірткі өсімдігін жинау кезінде ұстады. Тергеу барысында ер адамның жанынан орақ және алдын ала жинап қойған жалпы салмағы 15 кг астам марихуана анықталды.

