Қызылордада қазақ ұлттық ән өнерінің дамуына өлшеусіз үлес қосқан ұстаз-әнші, Ыбырай Алтынсарин төсбелгісінің иегері Перуза Арғынбаеваны еске алуға арналған тағылымды классикалық ән кеші ұйымдастырылды. Шараның басты мақсаты – өнерпаз ұстаздың шығармашылық мұрасын ұлықтап, оның шәкірттері арқылы рухани болмысын қайта жаңғырту болды.

