20 Апр 2026, Пн

ТӨРТКӨЛ ТҰРҒЫНДАРЫ ТАЗА АУЫЗ СУМЕН ҚАМТЫЛДЫ

Байзақ ауданы, Жалғызтөбе ауылдық округіне қарасты Төрткөл ауылының тұрғындары үшін көп жылдан бері шешілмей келген мәселе өз шешімін тапты. Бүгіннен бастап жергілікті тұрғындар сапалы ауыз суды тұтынатын болады. Ауылдың әлеуметтік дамуына серпін беретін бұл игілікті іс ауыл тұрғындары үшін үлкен қуаныш болды.