Күні кеше «AMANAT» партиясы жанындағы Кәсіпкерлік мәселелері жөніндегі өңірлік үйлестіру кеңесінің алғашқы отырысы өтті. Отырыста облыс әкімінің орынбасары Әбілхайыр Тамабек, кәсіпкерлік және индустриалды-инновациялық дамыту басқармасының басшысы Аспандияр Сейсебаев, «Тараз» әлеуметтік-кәсіпкерлік корпорациясының басқарушы басшысы Қанат Әубәкіров, сондай-ақ «Zhambyl Invest» басқарма төрағасының міндетін атқарушы Нұрбол Қайранов қатысты.

