Бүгін Тараз қаласында жас көшбасшылардың кадрлық резервін қалыптастыруға және олардың азаматтық белсенділігін арттыруға арналған кездесу өтті. «Ассамблея жастары» республикалық қоғамдық бірлестігінің мақсатын іске асыру аясында өткен бұл диалог билік өкілдері мен өңірдің ең белсенді жастарын біріктірді. Іс-шараға Жібек Жолы ауданының әкімі Қарлығаш Аралбекова, «Ассамблея жастары» республикалық қоғамдық бірлестігінің төрағасы Тимур Жұмырбаев, сондай-ақ Ассамблеяның аудандық және облыстық жастар бірлестіктерінің белсенділері мен БАҚ өкілдері қатысты.

