20 Апр 2026, Пн

АУЫЛ ӘЙЕЛДЕРІНІҢ ӨҢІРЛІК ФОРУМЫ ӨТТІ 

Сырдария ауданы Нағи Ілиясов ауылында «Ауыл Әйелі: Бірлік. Даму. Болашақ» атты өңірлік ауыл әйелдерінің форумы өтті. Іс-шара ҚР Президентінің жанындағы Әйелдер істері және отбасылық-демографиялық саясат жөніндегі Ұлттық комиссия, «Ауыл» партиясы және Қызылорда облысы әкімдігінің ұйымдастыруымен өткізілді.