Тараз қаласына Қазақстан Республикасының Туризм және спорт вице-министрі Бауыржан Рапиков жұмыс сапарымен келді. Іссапар барысында ол өңірдегі сала мамандарымен кездесіп, Жамбыл облысында туризм мен спортты өркендету бағытында атқарылып жатқан жұмыстарды және алдағы жоспаларды жан-жақты талқылады.

