Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Жолдауында аймақтардың экономикалық дамуындағы Арнайы экономикалық аймақтардың рөлін ерекше атап өткен болатын. Осы жұмыстардың нақты көрінісін байқау мақсатында БАҚ өкілдері үшін Жамбыл облысы, Шу ауданындағы «Jibek Joly» арнайы экономикалық аймағына арнайы баспасөз туры ұйымдастырылды. Бір күндік бағдарлама аясында тілшілер аймақта іске асырылып жатқан және жоспарланған ірі инвестициялық жобалармен толықтай танысты.

