Тараз қаласында тұрғындармен дәстүрлі кездесу өтті. Оған қала әкімі Бақытжан Орынбеков пен «Жібек жолы» ауданының әкімі Қарлығаш Аралбекова қатысты. Басқосуда Жібек жолы ауданының экономикалық даму қарқыны, инфрақұрылымдық жетістіктері және атқарылған жұмыстардың нәтижесі кеңінен талқыланды. Сондай-ақ жиын барысында тұрғындар көкейлеріндегі өзекті мәселелерін ортаға салып, жергілікті билік өкілдерімен ашық пікір алмасты. Толығырақ – келесі сюжетте.

