20 Апр 2026, Пн

ЧЕМПИОНДАР ЖАСТАРМЕН БІРГЕ!

Қызылорда қаласында «АMANAT» партиясы жанындағы «Жастар Рухы» Жастар қанаты «Чемпиондық рух» жобасын өткізді. Салауатты өмір салтын қалыптастыру, жастардың спортқа деген қызығушылығын арттыру мақсатында  Сыр мақтанышы атанған спортшылар № 125 мектептің алаңында 150-ден астам жаспен бірге таңғы жаттығу жасады.