Бүгін Қызылордада Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің облыс бойынша департаменті жанындағы мемлекеттік қызметтер көрсету мәселелері жөніндегі ведомствоаралық жұмыс тобының отырысы өтті. Жиын Қызылорда облысы әкімдігінің ғимаратында ұйымдастырылды. Отырыстың күн тәртібінде азаматтарға көрсетілетін мемлекеттік қызметтердің сапасын арттыру, туындайтын проблемалық мәселелер мен оларды шешу жолдары талқыланды.

