20 Апр 2026, Пн

ҚЫСҚЫ МЕЗГІЛГЕ ДАЙЫНДЫҚ БАҚЫЛАУДА

Қызылорда қаласында қысқы маусымға дайындық жұмыстары қарқынды жүріп жатыр. Қыс айларында қала көшелерінің тазалығын қамтамасыз ету – тұрғындардың қауіпсіздігі мен ыңғайлы қозғалысының кепілі. Осы мақсатта “Қызылорда тазалығы” мекемесі биылғы маусымға жан-жақты дайындық жүргізіп, арнайы көліктерін бақылаудан өткізді.