20 Апр 2026, Пн

 «INNOFEST 2025» ИННОВАЦИЯЛЫҚ ФЕСТИВАЛІ ҚОРЫТЫНДЫЛАНДЫ

“Innofest 2025” фестивальінің негізгі мақсаты – аймақ дамуына қажетті инновациялық идеяларды қолдау, ІТ бағытына қызығушы жастардың жобаларын қаржыландыруға мүмкіндік беру және жаңа есімдерді анықтау. Биылғы фестивальге еліміздің түкпір-түкпірінен – Астана, Алматы, Жезқазған, Түркістан, Шымкент және Ақтау қалаларынан, сондай-ақ Қызылорда облысынан 1600-ге жуық қатысушы тіркеліп, өз жобаларын ұсынды.