21 Апр 2026, Вт

ҚЫРАҒЫ ПОЛИЦЕЙЛЕР ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ІЗДЕУДЕГІ КҮДІКТІНІ ҰСТАДЫ

«Алматы – Ташкент» автожолының 219-шақырымында Жамбыл облысы ПД патрульдік полиция қызметкерлері бағдарда көрсетілген көлікке ұқсайтын «Audi» маркалы автокөлікті тоқтатты.Тексеру барысында полицейлер көліктің артқы орындығында 44 жастағы ер адамның отырғанын анықтады. Ол көрші мемлекеттің құқық қорғау органдары тарапынан бірнеше рет, соның ішінде аса ірі көлемдегі алаяқтық үшін іздеуде болған.