Юнеско ұйымының материалдық емес мәдени мұраны қорғау комиссиясының мүшесі Қызылорда облысына келді. Қазақстан 2011 жылдың желтоқсанында материалдық емес мәдени мұраны қорғау жөніндегі халықаралық конвенцияны ратификациялаған болатын. Оның мақсаты МеММ-ді қорғауға, насихаттауға, болашақ ұрпаққа жеткізуге және оның маңыздылығы туралы хабардар етуге бағытталған. Осыған байланысты Қызылорда қаласында журналистермен семинар өткізілді.

