Бүгін Жамбыл облысы Кәсіпкерлер палатасы (ӨКП) Өнеркәсіп салалық кеңесінің кеңейтілген отырысы өтті. Жиында өңірлік бизнес үшін өзекті Қазақстандық тауар өндірушілердің жаңа тізіліміне көшудегі тұрақсыздық басты тақырып болды. Кеңеске Прокуратура, ҚАЖ департаменті және жетекші кәсіпорындар қатысты.

