21 Апр 2026, Вт

ЖАС САРБАЗДАРДЫҢ КЕЛУІ

Әскерге шақыру науқаны аясында «Оңтүстік» өңірлік қолбасшылығына жас сарбаздар келе бастады. Күні кеше Тараз теміржол вокзалына Ақтөбеден жасақ келген болатын. Перронда жас сарбаздарды олардың қызмет ететін байланыс полкінің офицерлері мен әскери оркестрдің музыканттары қарсы алды.