Қызылорда қаласы күніне орай жасөспірімдер арасында қазақы күрестен жарыс өтті. Сыр өңірінің «Бала барысы» атануға жеті ауданнан және қаладан жас спортшылар қатысты. Бұл дода өңірде соңғы төрт жылдан бері өткізіліп келеді. Басты мақсат ұлттық спортқа жастарды тарту болып табылады.

