30 Окт 2025, Чт

ОҚУШЫЛАРҒА ӘСКЕРИ ҚЫЗМЕТТІҢ БІР КҮНДІК ҮЛГІСІ КӨРСЕТІЛДІ

Бүгін Тараз қаласында Жамбыл облысының үздік оқушыларының қатысуымен әскери-патриоттық бағыттағы ашық көрсетілім сабақтары өтті. Шараға облыс әкімінің орынбасары Серік Сәлемов қатысып, жас ұрпақтың бойында отансүйгіштік пен мемлекетке адал қызмет ету қасиеттерін нығайтудың маңыздылығын атап өтті.