Отбасы мен балаларды агрессиядан қорғау – бүгінгі күні құқық қорғау органдары жұмысының басты бағыттарының бірі. Жамбыл облысында тұрмыстық зорлық-зомбылықпен күрес жөніндегі жаңа мамандандырылған басқарманың алғашқы жұмыс қорытындылары шығарылды. Полиция қызметкерлерінің айтуынша, үйдегі агрессияның құрбандары көбінесе балалар болады. Олар зорлық-зомбылыққа куә болып, кейін өздері де құқық бұзушылық жолына түсіп, жабық арнайы тәрбиелік мекемелерге тап болады.

