Тараздағы Анаға тағзым орталығында AMANAT партиясының әйелдер қанатының бастамасымен «Әйелдің күші – шабыт пен қолдауда» атты мотивациялық кездесу өтті. Шараның мақсаты – кәсіпке ниетті және қоғамға белсенді әйелдердің әлеуетін көтеру, өзара тәжірибе алмасу арқылы бір-біріне қолдау көрсету болды. Жиында табысты бизнес иелері мен қоғамдық салада еңбек етіп жүрген әйелдер кәсіби жетістіктеріне жету жолындағы тәжірибелерімен бөлісті.

