21 Апр 2026, Вт

ҚЫЗЫЛОРДАДА ҚАЛА КҮНІ АТАП ӨТІЛДІ


Қызылорданың Сол жағалауындағы «Қайсар Арена» стадионында Қызылорда қаласының астана мәртебесіне ие болғанына 100 жыл және Қала күніне арналған «Мерейлі мерекеңмен, Қызылорда!» атты салтанатты гала-концерт өтті. Шараға Абай облысының әкімі Берік Уәли, ҚР Парламенті Сенаты мен Мәжілісінің депутаттары, мемлекет және қоғам қайраткерлері, Қазақстанның Еңбек Ерлері, белгілі ғалымдар мен өнер майталмандары, сондай-ақ еліміздің барлық өңірінен келген облыстық мәслихат төрағалары қатысты.