20 Апр 2026, Пн

ӨҢІРДЕ ӘЙЕЛ КӘСІПКЕРЛЕРДІҢ САНЫ АРТУДА

Қызылорда облысында шағын және орта кәсіпкерлікті дамытуға ерекше көңіл бөлініп келеді. Мемлекеттік бағдарламалар мен қолдау тетіктері арқасында өңірде өз ісін бастап, табысқа жеткен азаматтардың қатары артуда. Солардың бірі — кондитерлік салада өз қолтаңбасын қалыптастырған кәсіпкер Бақытгүл Романова.