Қызылорда облысының көпбейінді ауруханасында анестезиолог-реаниматологтар бас қосты. Шараға өңірдің жеті ауданынан 85 дәрігерлер келді. Басты мақсат Алматы қаласынан келген мамандардың дәрісін тыңдау. Қызылорда облысындағы штаттан тыс бас реаниматолгтың айтуынша мұндай конференция көбіне елордада ғана өтеді екен. Сол себепті көп жағдайда өңірлердегі ақ халатты абзал жандар соңғы жетістіктер мен керек жаңалықтардан тыс қалып жатады. Жас мамандар үшін жұмыс өтілі жоғарғы дәрігерлерден ақыл-кеңес алып, тәжірибе алмасу маңызды шаруа дейді ұйымдастырушылар.