17 Окт 2025, Пт

ҚҰРАҚ КӨРПЕДЕН ҚУАНЫШ ӨРГЕН ШЕБЕР

Жастайынан қолөнерге құмар болып өскен Айжамал Шағанбаева бүгінде өзінің сүйікті ісін кәсіпке айналдырып отыр. Балалық шағынан ине-жіпке жақын болып, әрбір матаның қиығын кәдеге жаратып үйренген ол қазір талайдың алғысын алып жүрген шебер. Үйінің бір бөлмесін шағын тігін шеберханасына айналдырып, түрлі түсті маталардан көрпе, жастық, сәндік бұйымдар тігеді.