Қызылорда қаласының сол жағалауында заманауи үстел теннисі орталығы өз есігін айқара ашты. Жобаның іргетасы 2024 жылдың наурыз айында қаланып, облыстық бюджеттен 2,5 млрд теңге қарастырылды. Сонымен қатар, «Самрұқ-Қазына» әлеуметтік жобаларды дамыту қоры 900 млн теңге көлемінде қосымша қаржыландырды. Бас мердігер – «Дәнекер» ЖШС.