14 Окт 2025, Вт

ҰЛТТЫҚ АУЫЛ ШАРУАШЫЛЫҒЫ САНАҒЫ ҚАРҚЫНДЫ

Еліміздегі аса маңызды мемлекеттік шара – Ұлттық ауыл шаруашылығы санағы жалғасуда. Осы ауқымды жұмыстың барысымен жеке танысу үшін, Ұлттық статистика бюросының басшысы Мақсат Тұрлыбаев Жамбыл облысына арнайы жұмыс сапарымен келді. Ол ауыл шаруашылығы деректерінің нақтылығын қамтамасыз етуге бағытталған бұл санақтың өңірдегі жүргізілуіне ерекше назар аударды.