Кәмелетке толмағандар арасындағы құқық бұзушылық оқиғаларының жиілеуіне байланысты, Жамбыл облысы Полиция департаменті аймақ студенттері мен оқушыларымен бірқатар алдын алу кездесулерін өткізуде. Кезекті түсіндіру іс-шарасы Тараз қаласындағы №66 орта мектепте өтті.