14 Окт 2025, Вт

ЖАМБЫЛ ОБЛЫСЫНДА 8 ТОННАДАН АСТАМ ЕСІРТКІ ТӘРКІЛЕНДІ

Жамбыл облысының Полиция департаменті азаматтардың қауіпсіздігін қамтамасыз етуге бағытталған «Заң мен тәртіп» қағидатын жүйелі түрде іске асырып келеді. Ағымдағы жылдың 9 айында Полиция департаментімен 434 есірткі қылмысы анықталды. Бұл туралы ПД бастығының бірінші орынбасары Мақсат Қанапяев хабарлады. Заңсыз айналымнан 8 тонна 745 кг есірткі заты тәркіленді — бұл өткен жылмен салыстырғанда 2 тонна 651 келіге көп.