13 Окт 2025, Пн

ОТБАСЫЛЫҚ ҚҰНДЫЛЫҚТАР – РУХАНИ ЖАҢҒЫРУДЫҢ ӨЗЕГІ

Отбасы – мемлекеттің іргетасы, қоғамның тұрақтылығы мен дамуының негізі. Адам баласының өсіп-өнетін, тәлім-тәрбие алатын алтын ұясы саналатын отбасы институтының маңызын арттыру – бүгінгі күннің басты міндеттерінің бірі. Осыған орай, Тараз қаласындағы «Анаға тағзым» рухани-адамгершілік тәрбие беру орталығы бірқатар тәрбиелік және танымдық іс-шараларды ұйымдастырып келеді.