Ана мен бала денсаулығы – еліміздегі мемлекеттік саясаттың басым бағыттарының бірі. ЖО бұл салада жүйелі жұмыстар жүргізіліп келеді. Облыстық перинаталдық орталықта 15 жылдан астам уақыт бойы пренаталдық және неонаталдық скринингтер тұрақты түрде өткізіліп, туа біткен және тұқым қуалайтын ауруларды ерте анықтауға мүмкіндік беріліп отыр.