Жамбыл ауданында Ұстаздар күні салтанатты түрде атап өтілді. «Ұстаз – ұлттың шамшырағы» атты мерекелік кешке аудан әкімі Ерлан Қыдыралыұлы, қоғамдық кеңес, аудандық мәслихат төрағасы, аудандық білім бөлімінің басшысы, ардагерлер мен жас мамандар, үздік педагогтер қатысты.