Қазақы болмысын сақтап, ұлттық өнерін ұрпаққа аманат еткен кәсіпкердің еңбегі қашанда құрметке лайық. Бүгін біз қазақтың қайталанбас өрнегін әлемге танытып жүрген сән ордасының табалдырығын аттадық. Бұл 2021 жылдан бері халыққа қызмет көрсетіп келе жатқан Айман Абди сән үйі.
Сән үйінің ішкі тынысын көрген жан бірден аңғарады – мұнда табыс үшін емес, жүрекпен жасалған еңбек басым. Айман қаржы есебін де өзі жүргізеді, есеп-қисапты жетік білген соң, шаруасы жүйелі. Ал жары мен балалары – оның сенімді серіктестері. Үлкен қызы мен ұлдары подиумда анасының қолынан шыққан киімдерді киіп шықса, тұңғышы Айдос қазірдің өзінде нағыз көмекшіге айналған. 13 жастағы жеткіншек мектептен соң тікелей шеберханаға асығып, кейде анасының орнын басып іс тындырады. Анасы еңбегін бағалап, оған жалақы төлеп, қаржылық сауаттылыққа баулып келеді.
Қызылордалық Айдос Мейрамбекты жас кәсіпкер деп атауға әбден болады. Жастайынан табыс табу жолын үйреніп, болашаққа нық қадам басуда.