14 Окт 2025, Вт

«ТАЗА ҚАЗАҚСТАН»  ЭКОЛОГИЯЛЫҚ АКЦИЯСЫ

Бүгін Тараз қаласы әкімдігі ішкі саясат бөлімі Жастар ресурстық орталығы КММ-нің ұйымдастырумен жастар арасында экологиялық мәдениетті қалыптастыруға бағытталған “Таза Қазақстан” экологиялық акциясының маңызы атты кездесу өтті. Іс-шараның негізгі мақсаты – жас ұрпақтың табиғатқа деген жауапкершілігін арттыру, қоршаған ортаны қорғау мәдениетін насихаттау және экологиялық бастамаларға белсенді қатысуға шақыру болды.