20 қыркүйекте еліміз бойынша ауыл шаруашылығы санағының екінші, яғни офлайн кезеңі басталған болатын. Бұл бағыттағы жұмыстар Меркі ауданында жүйелі түрде атқарылып жатыр. Ауыл шаруашылығы санағының бұл кезеңінде арнайы құрылған жұмысшы топ үйлерді аралап, жеке қосалқы шаруашылықтарға қатысты нақты мәліметтерді жинақтауда.