Қазіргі заманның тынысы – цифрлық технологиялармен өлшеніп, Қазақстанның болашағы жасанды интеллект сияқты инновациялармен айқындалуда. Ел Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев өзінің Жолдауында осы маңызды бағытты айрықша атап өтті. Бұл жаңа дәуірдің негізгі қозғаушы күші – жалынды жастар. Олар – технологиялық өзгерістердің куәгері ғана емес, сонымен бірге белсенді қатысушылары. Алайда, жасанды интеллект жастар арасында қаншалықты танымал? Олар оны жай ғана көмекші құрал ретінде ғана қарастыра ма, әлде болашаққа ашылған жаңа мүмкіндіктер көзі деп санай ма? Толығырақ алдағы бейнематериалда.