20 Апр 2026, Пн

БЕС ҰРПАҚҚА ЖАЛҒАСҚАН БІЛІМНІҢ ШЫРАҒЫ

Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев «Ұстаз – ұлт зияткерлігінің қуаты» деп айтқандай, қоғамдағы бұл мамандықтың орны ерекше. Ал бір әулеттің ұстаздық жолды бес ұрпаққа жалғастыруы – ел үшін зор мақтаныш. Мұндай өрелі өнегенің жарқын үлгісі Жамбыл облысы, Меркі ауданындағы Мұстафиндер әулеті болып отыр.