Таразда ҚР Төтенше жағдайлар министрлігінің 30 жылдығына арналған «30 игі іс» республикалық акциясы аясында профилактикалық рейд өтті. Шара тұрмыстық өрттердің, көмірқышқыл газымен уланудың алдын алу және тұрғындардың қауіпсіздік мәдениетін арттыру мақсатында ұйымдастырылды.