1 қазан – Халықаралық қарттар күніне орай Жамбыл облысының орталығы Тараз қаласындағы «Ардагерлер үйінде» салтанатты мерекелік іс-шара өтті. «Қарттарын қадірлеген ел ардақты» атты бұл шараға облыс әкімі Ербол Қарашөкеев бастаған облыстық ардагерлер кеңесінің төрағасы Еркімбек Солтыбаев және қарттар қатысты. Іс-шара Қазақстан Республикасы Президентінің Қазақстан халқына арнаған Жолдауының бір бөлігі – қарттарға көрсетілетін құрмет пен қолдауға арналды.