А.Тоқпанов атындағы Жамбыл облыстық қазақ драма театрында жазушы-драматург, публицист, Қазақстан Жазушылар одағының мүшесі Елен Әлімжанның 80 жылдық мерейтойына арналған салтанатты кеш өтті. Шараға облыс әкімі Ербол Қарашөкеев, мәслихат төрағасы Абдалы Нұралиев, зиялы қауым өкілдері, жазушылар, мәдениет қайраткерлері мен қала тұрғындары қатысты.